«Жасыл экономиканың» адамзат үшін маңызын жаңалықтарға қарап аңғаруға болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет екенін жиі айтып отырады. «Дүниенің назарын аударған баламалы энергия көздерін дамыту бойынша облысымызда нендей жұмыстар атқарылып жатыр, қол жеткізген жетістіктер қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеп көрген едік.
Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Дамир Тұңғатовтың айтуынша, аймақта күн, жел және су электр стансаларын салу жөнінде бірқатар жоба қолға алынған.
– Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша күн, жел және су арқылы электр энергиясын салуға барлық жағдай жасалған.
AR-AI Ақпарат