Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім сапасы бәрінен маңызды

Білім сапасы бәрінен маңызды
ашық дереккөз
Жуырда облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың төрағалығымен алқа мәжілісі өтті.

Жиынға облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дәмеш Өскембаева, «Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерұлан Мағзымбеков, басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, аудандық және Тараз қалалық білім бөлімдерінің басшылары, жауапты мамандар қатысты. 

Күн тәртібінде Жуалы ауданы әкімдігі білім бөлімінің өткен жылғы жұмысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар Жамбыл, Меркі аудандары мен Тараз қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдарда басшылыққа алынатын нормативтік құжаттардағы талаптардың орындалу барысы туралы сөз қозғалды. Байзақ, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандарында оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайы да талқыланды. Білім бөлімдерінің басшыларына білім беру ұйымдарында оқушылардың тамақтану сапасына ерекше көңіл бөліп, заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу және мектептердегі бракераж комиссиясының жұмыс барысын қатаң бақылауға алу тапсырылды. 
Сондай-ақ Тараз қаласындағы арнайы сыныптардағы ерекше білімді қажет ететін балаларға беріліп жатқан білім сапасы, Меркі, Мойынқұм, Шу аудандарындағы білім мекемелерінде оқушылардың оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етілуі қаралды. Мұнан бөлек мектеп кітапханаларының жұмысы, білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың жағдайы, 2024 жылға жоспарланған білім нысандарында күрделі жөндеу жұмыстары туралы мәселелер көтеріліп, талқыланды.
Кеңесте мектеп бітірушілердің қаңтар, наурыз айларындағы ҰБТ қорытындысы, білім беру ұйымдарында «Алтын белгі», «Үздік аттестатқа» ұсынылған бітірушілердің құжаттарына жүргізілген мониторинг, педагогтарды аттестаттау рәсімін жүзеге асыру, мектеп жанындағы интернаттардың жағдайы туралы мәселелер сарапқа салынды.
Алқа мәжілісінде басқарма басшысы тарапынан мәселелерді тиімді шешудің жолдары ұсынылып, бірқатар тапсырма берілді.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ 
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар