Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды

Таразда көпқабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды
Жамбыл облысы ПД
Полицейлер 60 тұрғынды эвакуациялады

Таразда көпқабатты үйдің 60 тұрғыны эвакуацияланды, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«2024 жылдың 13 мамырына қараған түні полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау соққан әйел адам көрші пәтерде өрт басталғанын хабарлады. Көрсетілген мекенжай бойынша жақын маңдағы патруль жасағы кідіртпей жіберілді. Оқиға орнына бірінші болып келген полиция қызметкерлері өрт ошағын жойып, әйелді және оның бес кәмелетке толмаған баласын аман алып шықты, олардың ең кішісі небәрі 2 жаста», - делінген Полиция департаменті хабарламасында.

Оқиға барысында полиция қызметкерлері жарылысты болдырмау үшін газды жауып, көпқабатты тұрғын үйдегі тұрғындарды да эвакуциялаған. 

Айта кету керек, полицейлердің адамдарды өрттен құтқарған сәті әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен. «Ол аяғын қайырып алуы мүмкін», «Ақсап тұрғанына қарамастан, жанып жатқан пәтерге жүгірді», «Бәрекелді! Нағыз жігіт екен!» деп жазады желі қолданушылары.

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар