Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

15 мамырда ыстық су қайта қосылады

15 мамырда ыстық су қайта қосылады
890 көппәтерлі тұрғын үйдің 831-іне ыстық су беріледі

15 мамырда сағат 00.00-ден бастап 831 көппәтерлі тұрғын үйге ыстық су қайта беріледі, деп хабарлайды Arainfo тілшісі. Бұл туралы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қанат Исмаил мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.

– Су құбырларын қосу кезінде тұрғындарға қысымды болдырмау үшін су жылыту ыдыстарының (“Аристонов”) крандарын уақтылы ажырату қажет. М-1 магистралінде реконструкциядан өтуіне байланысты 59 көппәтерлі тұрғын үйге ыстық сумен жабдықтау уақытша берілмейді. Оларға кезең-кезеңімен қосылады. Яғни, шілде айынан бастап қыркүйек айына дейін тұрғын үйлер ыстық сумен толық қамтылады, – деді Қ. Исмаил.

Айта кету керек, ыстық су 1 ай мерзімге жөндеу жұмыстарына байланысты өшірілген болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар