Жамбыл облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткіні сатқысы келген 2 адамды ұстап, олардан 100 келі марихуана тәркіледі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдіктілердің автокөліктерінен 27 дана целлофан орамдары бар 3 сөмке тәркіленген. Ол жерден 100 келі марихуана табылды. Тыйым салынған заттар Маңғыстау облысына ауыр жүк көліктерімен Жамбыл облысынан жеткізілген.
Ұлытау облысында осыған ұқсас оқиға да болған. Өңірде есірткі қылмыстарын анықтау және олардың жолын кесу үшін бірқатар бекет орнатылған.
Қызылорда-Павлодар тасжолындағы осындай бекеттердің бірінде қызмет атқару кезінде полиция қызметкерлері Mercedes Benz автокөлігін тоқтатып, одан скотчпен оралған қаптарды тапты. Автокөліктің салоны мен жүксалғыштан барлығы 10 қап тәркіленді. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, онда 125 келі кептірілген марихуана болған.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шықты
Ұқсас жаңалықтар
Заң және тәртіп: ІІМ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейтуде
- авторAR-AY
- 28 қараша, 2024