Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Достықты дәріптеген дода

Достықты дәріптеген дода
ашық дереккөз
7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай Қордай ауданының Ауқатты ауылында этномәдени бірлестік өкілдері арасында кіші футболдан ашық турнир өтті. Дәстүрлі жарысты облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған аладоп бәсекесіне Қордай ауданынан барлығы 6 құрама қатысты. Ашылу салтанатында сөз алған «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, Қордай ауданы әкімдігі денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалым Әлімжанов, Ауқатты ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әділбай Семжанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Осылайша командалар алаңға шығып, ойынды бастап кетті. Достықты ту еткен додада әуесқой аяқдопшылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, нәтижесінде Қордай ауылының құрамасы алтыннан алқа тағынды. Ал Сортөбе ауылының «Дүнген» этномәдени бірлестігінен құрылған «Биянху» командасы II орынды иеленсе, Йинпан Дүнген этномәдени бірлестігінің «Достық» командасы III орынға табан тіреді. 
Шеберлігімен ерек көзге түскен ойыншылар да арнайы марапатқа ие болды. Айта кетсек, «Үздік қақпашы» номинациясы Хуров Закирге бұйырса, «Үздік ойыншы» аталымына Ғабит Бибарыс лайық деп танылды. 
Сайыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтарға ие болды.

Шапағат ӘБДІР
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар