Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

№58 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен топтық кездесу жүзеге асты

№58 түзеу мекемесінде сотталған азаматтармен топтық кездесу жүзеге асты
Мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.

Жуырда №58 түзеу мекеменің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары – әділет аға лейтенанты А.Акылбайұлы және әділет лейтенанты Б.Бекмолдаевтың ұйымдастыруымен топтық кездесу жүзеге асты. Кездесуді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы дін саласындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, “Ақниет” ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы” ҚҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы Дәлелхан Қонырбайұлы Оспанов өткізді. Кездесу барысында Дәлелхан Қонырбайұлы жазасын өтеушілерге «Ислам экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Ол өз сөзінде: «Ислам» сөзі араб тілінде «Бейбіт» деген мағынаны білдіреді және Ислам дінінде зорлық-зомбылыққа, қаскөйлікке жол берілмейді.
Сондықтан «әрбір мұсылман көркем мінез иесі болуы тиіс», – деді.
Кездесу соңында жазасын өтеушілер өз көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы мұндай кездесулер мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандары арасында жиі ұйымдастырылады.
Кездесулер аясында бөтен идеологияның ықпалындағы сотталғандар экстремистік және террористік идеялардың әлеуметтік қауіптілігін түсініп, дәстүрлі діни ілімдерді игеруге бет бұрады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар