Салтанат Нүкенованың қазасы: Байжанов өзін шындық детекторынан өткізуді сұрады
- author AR-AY
- 4 мамыр, 2024
- 249
Салтанат Нүкенованың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс негізінде сотқа тартылған сотталушы Бақытжан Байжанов жарыссөз барысында шындық детекторынан өтуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.
«Мені қылмыс ізін жасыруға көмектесті деп айыптап отыр. Оның ішінде жейде мен нашатырь құтысын сыртқа шығарған дейді. Неге бәрі мен бұл заттарды сыртқа шығарғаныма сенімді? Бұл болжам ғана. Оған ол заттардың табылмағаны себеп болып отыр. Себебі барлық жерден іздемегендіктен, таппаған болуы да мүмкін. Оқиға орнын 4 рет қараған. Бірі – Бишімбаевтың көлігі, үш рет VIP кабинканы қараған. Мейрамханадағы басқа бөлмелерден іздемеген» - дейді Байжанов.
Ол сондай-ақ шындық деректорынан өтуге дайын екенін айтты.
«Бәрін қаз-қалпында айттым, ештеңе жасырмадым, тек шындықты айттым. Егер қажет болса, мүмкін болса, шындық деректорынан өтуге дайынмын. Қалғаны сіздердің қолдарыңызда, кез келген шешімді қабылдаймын», - деді Бақытжан Байжанов.
Айта кетейік, 2024 жылдың 2 мамырында Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша тараптардың жарыссөз басталды.
3 мамырдағы сот отырысында Байжановтың әйелі Айнұр Көлдеева сөйледі.
Қандай жағдай болса да әйелге қол көтеруге түбегейлі қарсымын. Адам өлтіру – өте қорқынышты жағдай. Бақытжанмен (Байжанов – ред.) 2016 жылдан бері заңды некедемін, екі ұл, 7 айлық қызымыз бар. Ұлым әкесінің қайда, не істеп жүргенін білмейді. Бақытжан тергеу изоляторында отырғалы балаларын, ата-анасын қатты уайымдап, мұндай жағдайға қалай түскенін ойлап отырады. Бақытжан екеуміз осы уақытқа дейін бір-бірімізге дауыс көтеріп, ренжіскен емеспіз. Бақытжан – өте тәрбиелі, иманды, қамқор, жұмысына адал. Қолынан келгенше көмектесіп жүреді. Ол сол күні Салтанаттың қиын жағдайда екенін түсінбеді, ағасының айтқанына сеніп, «ұйықтап жатты» деп сеніп жүре берді. Бишімбаев – үлкен ағасы, әрі жұмыс берушісі. Менің ойымша жұмысшы бастығының айтқанын ешқандай сұрақсыз орындайды. Бақытжанның аңқаулығы, ағасына деген аса құрметі, Салтанаттың жалаңаш түріне аса мән беріп қарамауы... Сондықтан жазықсыз жазаламауды өтініп сұраймын, - дейді Байжановтың әйелі.
Бақытжан Байжановқа ҚК-тің 432-бабы («қылмысты жасырып қалу») бабы бойынша айып тағылған.