Жаңалықтар
Қазақстанда көлікті жалған техникалық тексеруден өткізгені үшін айыппұл ұлғайтылмақ
- author AR-AY
- 4 мамыр, 2024
- 232
Айыппұл көлемі 370 мың теңгеге дейін өседі
Елімізде автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30 айлық есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін ұлғайту бөлігінде өзгерістер көзделген, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР көлік министрлігінің ақпаратынша, көлікті жалған техникалық тексеруден өткізудің салдары ақаулары бар көлік құралдарының жол қозғалысына жіберілуіне мүмкіндік беріп, кейін бұл жол-көлік оқиғаларына, оның ішінде соңы өлімге ұласатын оқыс оқиғалар деңгейінің өсуіне әкеп соғады.
"Құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалса, техникалық тексеруден өткізетін оператор қызмет көрсету құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылады."ҚР Көлік министрлігі баспасөз қызметі