Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Достықты дәріптеді

Достықты дәріптеді
ашық дереккөз
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «MART» ойын-сауық орталығында «Бейбітшілік – ел тірегі» тақырыбында этно-кеш өткізді.

Халықтар достығын насихаттау, мерейлі мерекенің мән-маңызын түсіндіру мақсатында өткен тағылымды іс-шараға Тараз қалалық білім бөліміне қарасты №33, №39, №54, №19, №32, №38, №64, №34 және №12 мектептің оқушылары белсенді қатысып, түрлі ұлттың биін билеп, әнін шырқады. 

Сонымен қатар «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері мен кітапхананың жас оқырмандары түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап, дәріптеді. Кеште «Шабыт», «Веснушки» ансамбльдері өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

 Іс-шара соңында «Достық – шырағымыз» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Бақыткүл АУҒАНБАЕВА,
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар 
мен жасөспірімдер кітапханасының 
жасөспірімдерге қызмет көрсету 
бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар