Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балуан шолақта жүзеге асқан жұмыс көп

Балуан шолақта жүзеге асқан жұмыс көп
ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шу ауданы, Балуан Шолақ ауылдық округінің әкімі Данияр Сандыбаев баспасөз мәслихатын өткізді.

Данияр Көкталұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.Баяндамашының айтуынша, өткен жылы ауылдық округте жүйелі жұмыстар атқарылып, әр сала бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген.

 

Жалпы ауылдық округте 1 952 халық тұрады.Данияр Сандыбаев алдымен мәдениет саласында атқарылған жұмыстарға тоқталды.


– Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйі қысы-жазы халыққа қызмет көрсетіп тұр. Екі қабатты мәдениет үйінің жылу жүйесі қазандықпен 17 бөлмені және үлкен залды жылытады. Ғимарат ішінде пошта, ауылдық кітапхана орналасқан. Кітапханада 8 816 дана кітап қоры болса, 5 290-ы мемлекетік тілде.


Сондай-ақ мәдениет үйінде үлкен және кіші көрермен залы бар. Үлкен залға 150 адамға дейін сыяды. Сонымен қатар мәдениет үйінің көше жақ бетінде Балуан Шолақ Баймырзаұлының бюсті орналасқан. Ал алдында Ұлы Отан соғысынан қайтпай қалған жерлестерімізге арналған ескерткіш бар.

 
Мәдениет үйі 2023 жылы дарынды өнерпаздардың ұйымдастыруымен 50-ге жуық іс-шара өткізді. Қазіргі таңда онда балаларға арналған 5 үйірме жұмыс істейді. Тағы бір айта кететін жаңалығымыз, Шу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы №485 қаулысына сәйкес Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінен «Актерлік шеберлік», «Вокал», «Домбыра», «Би», «Сахна тілі» үйірмелері ашылды. Қазіргі таңда бұл үйірмелерге 75-ке жуық бала қатысып жүр, – деді Данияр Сандыбаев.


Сонымен қатар баяндамашы денсаулық, білім, басқа да маңызды салалардағы оң көрсеткіштерді баяндады. 


– Ауылдық дәрігерлік амбулаторияда 13 қызметкер жұмыс істейді. Амбулатория бір күнде 30-35 адамды қабылдайды. 5 төсек-орын күндізгі емге арналған. Жыл басынан бері 8 322 адам дәрігердің қабылдауында болған.


Сондай-ақ ауылдық округке қарасты Жиделі ауылына 2023 жылы 5 келушіге арналған медициналық пункт салынды. Қазіргі таңда онда 4 адам жұмысқа қабылданып, халыққа қызмет көрсетуде.


Білім беру саласында да серпін бар. 2017 жылы ашылған «Амира-Ханшайым» балабақшасында 75 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар М.Ғабдуллин атындағы орта мектепте 291 оқушы білім алады, – деді баяндамашы.

 
Жалпы ауыл бойынша 79 шаруа қожалық тіркелген. Өткен жылы 383 гектар жерге арпа, 10 гектарға жүгері, 13 гектарға қант қызылшасы, 590 гектарға көкөніс, 3 гектарға күнбағыс, 310 гектарға жаңа жоңышқа, 10 гектарға ескі жоңышқа егілген. 


Округ бойынша мүйізді ірі қара саны 2 860, жылқы 1 671, қой-ешкі  36 655 басты құрап отыр. 

 

Шапағат ӘБДІР

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар