Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанда кедейлік шегінде тұратын халық саны артты

Қазақстанда кедейлік шегінде тұратын халық саны артты
ашық дереккөз
Қазақстанда кедейлік шегінде тұратын халық саны артты
Қазақстанда кедейлік шегінде өмір сүретін халық саны артты. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылғы II тоқсанда іріктемелі зерттеу нәтижесі бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен де төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 5,1% құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары. «Кедейлік қаупіне үй шаруашылықтарының көлемі қатты әсер етеді. Осылайша, 5 және одан да көп адамнан тұратын үй шаруашылықтары арасындағы кедейлік деңгейі 2022 жылғы II тоқсанының қорытындысы бойынша 9,3% құрады. Бұл жалпы кедейлік деңгейінен 2 есеге жуық жоғары», — делінген Ұлттық бюро хабарламасында. Айта кетейік, биылғы екінші тоқсанда жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 100 теңгені құрайды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар