Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды

Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылатын болды
Оқу-ағарту министрі түлектерге үндеу жолдады

Бұған дейін еліміздегі су тасқынына байланысты соңғы қоңырау салтанаты өткізілмейтін болған.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті.

«Биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын қатаң ескертемін. Осыған орай оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 миллионнан астам оқушы келесі сыныптарға көшірілсін. Мектептің 1-10 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағатын өткізу 24 мамыр жұма күніне жоспарлансын. Бұл былтырғы жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылуы тиіс. Әріптестеріміздің ұсынысы бойынша елімізде мамыр айында «Ынтымақ айы» айлығын өткізу жоспарланған. Оның аясында «Таза Қазақстан», «Игі істер», «Каникулда кітап оқиық» және басқа шаралар қарастырылған. Сонымен қатар, еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын 25 мамырда өткізуді тапсырамын», – деді ол.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар