Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Табиғат байлығын сақтайық

Табиғат байлығын сақтайық
Өткен жылы 29 адам аң аулау ережесін бұзған

Табиғатты қорғау әрбір азаматтың парызы саналады, Жамбыл облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлері табиғат жанашырлары жабайы аң-құстар мен Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін жануарларды бақылауға алып, халықты қорғауға шақырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 29 аң аулау ережесін  бұзушылық жағдайлары тіркеліп барлық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  

   Табиғатқа адамзаттан келер зиянды азайту жәнеоблысымыздың аң-құстарды қорғау мақсатында Республикалық «Охотзоопром» ӨБ, ПД Жергілікті полиция қызметінің «табиғатты қорғау полициясы» және«Мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметі» КММ-сі қызметкерлерімен бірлескен жұмыс жосапры нәтижесінде 2023 жылы қазан айының 10 күні Шу ауданы «Жусандала» ЕҚТА аумағынан үш тұлға, сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануар түріне жататындықтан 5 қарақұйрық жануарын заңсыз аулаған жерінен құрықталды.Қарақұйрық аңын ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған Қарақұйрықтың 5 бас аңын заңсыз аулағаны үшін ұсталып, қазіргі таңда табиғатқа келтірген залалы бойынша 5 (бес) басына келтірілген шығын мөлшері 62 100 000 (алпыс екі милион бір жүз мың) теңге айыппұл салынды.

Енді браконьерлерге де жаза күшейтіледі. Қылмыстық Кодекстің 337 бабына сәйкес заңсыз аң  аулағандар  бас бостандығынан айрылу жазасыда қарастырылған. Айыппұл көлемі де өсіп отыр.  "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 453 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енгізілген жануарлар мен құстарды атқандарға жаза құны 3 (үш) есееселенеді. Мысалы, бір заңсыз олжаланған, қарақұйрық үшін 400 АЕК мөлшерінде айыппұлды 3-ке еселегенде 1200 АЕК болып есептелінеді. ҚР жануарлар дүниесін сақтау үшін аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының инспекторлары Облысымыздың аң-құстарды қорғау мақсатында республикалық «Охотзоопром» ӨБ, ПД Жергілікті полиция қызметінің «табиғатты қорғау бөлімі» және аңшылық шаруашылық субъектілері мен үнемі рейдтік шаралар ұйымдастырыпаталған жұмыстар өз жалғасын тауып отырады. Ескере кететін жайт аңшылық шаруашылығы субъектісімен шарт жасаспай, кәсiптiк мақсатта аң аулаушылар жазаға тартылатынын ескертеміз. Еске салсақ, тұяқты жануарларды әуесқойлық (спорттық) мақсатта аулау уәкілетті органның бекітілген мерзімінде рұқсат етіледі.

Табиғатты қорғау әрбір азаматтың парызы саналады, сондықтан да ең бастысы Ұлы Бабаларымыздың біздерге, яғни бүгінгі ұрпақтарына аманат еткен қоршаған ортамызды таза сақтап, кейінгі ұрпаққа да сол таза күйінде қалдыру мәселесі тұр. Ол үшін осы бүгіннен бастап, бүкіл қоғам болып бұл іске жұмыла кіріскеніміз жөн болар.

 

Жамбыл облыстық орман шаруашылығы

және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 

бас маманы 

Мыңтұрғанов Сұлтанбек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар