«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде
- author AR-AY
- 30 сәуір, 2024
- 283
Биыл 26-28 сәуір аралығында Тараз ст. ЖПб қызмет көрсету учаскесінде «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс шараны өткізу барысында Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция аға лейтенанты С.Кембаев, әкімшілік полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Л.Копбаева, Талас станциясының бастығы Д.Есенғали және Жамбыл дабыл беру және байланыс дистанциясының қоғамдық көмекшілері А.Нұраханов, З.Узбековпен Талас станциясында тұрғылықты тұрғындармен кездесу өткізіп, «Темір жол қауіпті аймақ» тақырыптарына профилактикалық мақсатпен кездесу жүргізілді.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты көлік обьектілерінде қоғамдық тәртіпті тиісті деңгейде сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Теміржолға жақын орналасқан оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізіліп, оларға 559 бабының 5 бөлігі ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы және 560 баптарында көрсетілген құқық бұзушылықтар туралы айтылып, жоғарыда көрсетілген баптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны және ескерту мен айыппұл түрінде шаралар қолданылатыны ескертілді.