Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мың жылдығын ойлаған тал егеді

Мың жылдығын ойлаған тал егеді
Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 17 гектар жерге 20 мың түп ағаш көшеті отырғызылды.

Бүкіл Қазақстанды қамтыған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында Жамбыл ауданында белсенді іс-шаралар өтуде. Бүгін спорт ардагерлері жас спортшылармен бірге ұрпақтар сабақтастығы ретінде Жалпақтөбе ауылында аллеяға тал отырғызып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
       Мақсаты - ұрпақтар сабақтастығы арқылы жастарды тазалыққа, жақсылыққа дәріптеу және аға буынның жастарға үлгі болуы. Өңірдің тазалығына бей-жай қарамай, қамқорлық көрсетуді насихаттау. Айтулы шараға ауыл қариялары, тұрғындар белсенділік танытып, жастарды табиғатты аялауға шақырды.
– Акцияға ат салысу баршамыздың азаматтық парызымыз. Әсіресе, айтулы жарыстарда атой салатын спортшылардың мұндай шаралардың бел ортасында жүруі заңдылық деп білемін. Туған жерін құрметтей алмаған спортшы оның туын да биікке көтере алмайды. Сондықтан да біз бүгін спорт ардагерлері жас спортшылармен бірлесіп игі іске үлес қосудамыз, – деді спорт ардагері Р.Абдуллаев.
Жалпы, Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 17 гектар жерге 20 мың түп ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде 14 100 түп қарағаш, 4 700 түп терек, 500 түп ясень (ерен) талы, 200 түп туя көшеті егілді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар