arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Суханбаевта тындырымды тірлік көп

Суханбаевта тындырымды тірлік көп
ашық дереккөз
Байзақ ауданы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Байзақ ауданы, Суханбаев ауылдық округінің әкімі Абдулмұрат Мәдібаев баспасөз мәслихатын өткізді. Абдулмұрат Абдулмақсұтұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, алдағы жоспарлар туралы баяндады.

 

Суханбаев ауылдық округінің аумағы – 5449,6 гектар. Биылғы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша округтегі аула саны – 424. Халық саны – 2 496.


А.Мәдібаев сан салада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, мемлекеттік қолдаудың арқасында ауылдық округ дамудың даңғыл жолына түскенін жеткізді. 
– Әлеуметтік көмек саласы бойынша айтар болсам, өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 15 отбасындағы 89 адамға тағайындалып, толығымен төленді.

Ауыл тұрғындары арасынан 33 азамат «Бастау бизнес» жобасы шеңберінде сертификат алды. Қысқамерзімді кәсіптік оқудан 31 адам және онлайн кәсіптік оқудан 8 адам өтті.


Округте барлығы 26 556 қой-ешкі, 2 857 мүйізді ірі қара, 1 285 жылқы, 9 218 үй құсы мен 25 түйе бар. Өткен жылмен салыстырғанда мал саны 4 пайызға артты. 


Округке қарасты елді мекендерде көптеген игілікті  жұмыс атқарылуда. Мәселен, Жақаш ауылына 7,4 миллион теңгеге шағын футбол алаңы салынды. А.Суханбаев атындағы орта мектептің жылыту қазандығын көгілдір отынға қосу жұмыстары 15 миллион 124 теңгеге жүргізілді. Сонымен қатар 14,4 миллион теңгеге Қосы батыр ауылындағы Қарасу орта мектебінің жылыту қазандығы қатты отыннан көгілдір отынға ауыстырылды, – деді Абдулмұрат Абдулмақсұтұлы.


Спикердің айтуынша, былтыр тұрмысы төмен көпбалалы отбасыға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында ауыл белсенділері 3 бөлмелі тұрғын үй салып беріпті. 

 

                                                                                                                                                                                                                                                     Э.ТІЛЕУБЕРДІҚЫЗЫ

 




 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар