Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордай қарыштап дамуда

Қордай қарыштап дамуда
Ашық дереккөз
Биыл Қордай ауданында«Ауыл аманаты» жобасы аясында 5 ауылдық округтегі 411 тұрғынға 2,5 пайызбен 2,3 миллиард теңге несие беру жоспарланыпты. Бүгінге дейін 303 тұрғын 1,8 миллиард теңге алып, өз жұмыстарын бастап кеткен. Ал несие алуға ниетті қалған 108 тұрғынның құжаттары тапсырылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қордай ауданының әкімі Бегзат Болатбеков өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте айтты. Сондай-ақ Бегзат Сейсенқұлұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

– Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласында 4,9 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, индекс көлемі 100,8 пайызға орындалды. Ал инвестиция 11,9 миллиард теңгені құрап, индекс көлемі 159,4 пайызға орындалды. Сонымен қатар құрылыс, пайдалануға берілген тұрғын үйлер және ауылшаруашылық саласы бойынша да индекс көлемі өте жақсы көрсеткішті көрсетті. Қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілді.

 

 «Асарлатып үй салу» жобасы аясында мұқтаж отбасыларға демеушілер тарапынан 15 баспана салынып, қолданысқа берілді. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 715,1 миллион теңгеге 9 нысанның мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізіліп, мердігерлер анықталды. Сонымен қатар 2023 жылы 15 000 гектар игерілмей жатқан жерді қайтару жоспарланып, 15 064 гектар мемлекеттік жер қорына қайтарылды, – деді Бегзат Сейсенқұлұлы. 


Спикер құрылысы басталған нысандардың жай-күйіне де егжей-тегжейлі тоқталды. Баяндамашының айтуынша, 26 нысан құрылысы келесі жылға өтпелі. 4 жаңа нысанның құрылысы биыл басталады. Сондай-ақ аудан әкімі жыл қорытындысымен аудан тұрғындарының игілігіне аудандық мұрағат, халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 спорт кешені, 2 мәдениет үйі, 2 медициналық нысан, 2 ауызсу құбырының құрылысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілетіндігін жеткізді. 


Баспасөз конференциясы соңында аудан әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Шапағат ӘБДІР

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                   

                                                                                                                                                                                                                                                   Шапағат ӘБДІР

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар