Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Мас жүргізіуші - ең қауіпті қылмыскер

Мас жүргізіуші - ең қауіпті қылмыскер
Ашық дереккөз
Полиция қызметкерлерінің тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларға және көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімдерінің едәуір ұзаруына қарамастан жүргізушілердің мас күйінде көлік жүргізуі тыйылар емес. Салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеуде.

2024 жылдың 3 айында облыста 179 жүргізуші мас күйінде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ мас күйінде көлік жүргізгені үшін басқару құқығынан айырылған 13 азаматтың қайта көлік рөліне отырғаны белгілі болды. 

Мәселен, 2024 жылдың 13 сәуірінде полиция қызметкерлері Луговой ауылында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады. Қызметкерлердің назарына Құрымбаев көшесінің бойында «Volkswagen Vento» маркалы автокөлігі түскен. Медициналық куәландыру қорытындысымен 43 жастағы жүргізушінің «орташа» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.

Сондай-ақ ер адамның 2023 жылы көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны белгілі болды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, автокөлік арнайы көліктұраққа қойылды.

Облыстық полиция департаменті көлік құралын мас күйінде басқару қоғамдық қауіптілігі басым жол қозғалысы ережелерін ең ауыр бұзушылықтардың бірі болып табылатынын ескертеді. Көлік рөліне мас күйде отыру көбінесе жазықсыз азаматтардың зардап шегуіне себеп болып, олардың тағдырларында өшпес із қалдырады.

Облыстық полиция департаментінің 
баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар