Халықаралық CIS хаттамасы – мектепті жүйелі және үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында мектеп қауымдастығын рефлексиялауға, бағалауға және өркендетуге арналған құрылымдық әдістеме.
8-12 сәуір аралығында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебін қайта CIS аккредиттеуінен өткізуге шетелдік эксперттер келді. Сарапшылар сапар барысында мектеп білімінің тереңдігі мен сапасын, сондай-ақ мектеп ұжымының жұмыстары мен мектеп тіршілігімен толықтай танысты.
Апта бойы түрлі әдістемелік шаралар жоспарланып, домендер мен кездесулер өткізіп, оқушылардың жеке пікірін тыңдап, ой алмасып қана қоймай, шетелдік сарапшылар мектептегі қосымша білім беру жұмыстарына да куә болды.Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде балалардың жан-жақты дамуы үшін бірқатар үйірме үздіксіз жұмыс істеп келе жатқаны белгілі. Апталықта мектеп педагогтары мен оқушылары CIS өкілдерін аталған бағытпен жақынырақ таныстырды.
Осылайша бір аптаға жалғасқан сарапшылардың сапары сәтті аяқталды. Сондай-ақ сарапшылар НЗМ оқушыларының болашағы жарқын екенін де атап өтті. Мектеп ұжымының ұйымшылдығы мен жұмыс барысындағы жауапкершіліктеріне ризашылықтарын білдіріп, оң нәтижеге жете берулеріне тілектестік білдірді.
Жанерке ЖАНҰЗАҚ,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз хатшысы