Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

Ескерткіштердің аумағы абаттандырылды
ашық дереккөз
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңірде «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда. Ауқымды іс-шараның екінші аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған.

Мәселен, Тараз қаласында «Таза өлке» апталығы аясында көпқабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 ағаш көшеті отырғызылды.
Ал акцияның «Киелі мекен» атты екінші апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш көшеті мен 500 гүл егілді.Акция аясында облыс орталығында ғана емес, барлық аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Т.Рысқұлов ауданының 3 мыңнан аса тұрғыны 81 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан саябақтар және аллеялар маңына абаттандыру, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Құлан қалашығының қоршауын сырлау, әктеу және шөбін шабу жұмыстарын жүргізді. Апталық барысында барлығы 300 тал-дарақ отырғызылып, 200 тоннадан аса күл-қоқыс шығарылды.Мойынқұмдықтар батыр Биназар Ақеділұлының ескерткіші аумағын абаттандырды. Акцияға 30-ға жуық адам қатысты.Жамбыл, Жуалы аудандарының тұрғындары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының келесі апталығы «Жасыл аймақ» деп аталады. Өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынады. Осыған сәйкес Тараз қаласы мен барлық аудандарда тазалық жұмыстары апта бойы жүргізіледі.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар