«Жасыл аймақ» апталығында қордайлықтар ерекше белсенділік көрсетуде. Бұл жолы ауылдың орталық көшелеріндегі жол жиектері мен саябақтарды абаттаныдыруға басымдық беруде.
Бүгін ауданның 19 ауылдық округінде «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» үрдісін ұстанған ауыл тұрғындары отбасыларымен бірге ағаш отырғызып, көпке үлгі шара өткізді.
Айта кетейік, «Жасыл аймақ» апталығына әскерилерде өз үлестерін қосуда. Гвардейский горнизонының 100 әскери қызметшісі отбасыларымен бірге 100 тал көшеттерін екті.
"Мен үшін акцияға қатысу күйеуімнің қызметтік істерінде қолдау көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен бірге отбасымен уақыт өткізудің тамаша тәсілі болды. Біз балаларымызбен бірге ағаш отырғызып қана қоймай, оларға табиғатымызға қамқорлық жасаудың маңыздылығын үйреттік. Мұндай іс - шаралар біздің балаларымызды тәрбиелеуде маңызды рөл атқаратынына және олардың қоршаған әлемге және жалпы қоғамға саналы көзқарасын қалыптастыратынына сенімдімін", - деп атап өтті акция қатысушысы Гүлнұр Ошанова.