Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда үшем дүниеге келді

Таразда үшем дүниеге келді
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Үшемдерге Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер берілді

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында Тараз қаласының 25 жастағы тұрғыны Саида Абитова үшемдерді дүниеге әкелді.

Сәбилердің салмағы 1580,0, 1566,0 екі ұл және 1830,0 грамм болатын қыз баланың денсаулықтары жақсы. Алғашқы 24 сағат ішінде жаңа туған нәрестелерге қарқынды терапия тағайындалып, нәрестелер неонатология бөлімінде анасымен бірге болды.

Облыстық перинаталдық орталық мамандары атап өткендей, жаңа туған анаға нәрестелерді күту, шомылдыру, ана сүтімен тамақтандыру және басқалары үйретілді. Сәбилер бүгінде біраз салмақ қосып, әлдене бастады.

Үшемдерге Сайдали, Бейбарыс, Милат деген ерекше есімдер берілді.

Бақытты ана мен балалар бүгін үйлеріне шығарылды. Мерекелік шығару рәсімін анасы тіркелген "Жансая емханасы" ұжымы ұйымдастырды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар