Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық

Ерекше балаларға – ерекше қамқорлық
Ашық дереккөз
Сарысу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жайы кеңжүректі азаматтардың назарынан тыс қалған емес.Бүлдіршіндерге қамқорлықпен қарап, қолынан келіп тұрса көмегін көрсетуге дайын тұратын атымтай жомарт азаматтардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Жақында «ЕвроХим-Тыңатқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі орталыққа арнайы келіп, «Haier 75 S3» теледидарын сыйға тартты.

Енді орталық мамандары дидактикалық материалдарды, бейнероликтерді, суреттерді аталған заманауи ақпараттық-мультимедиялық құрал арқылы көрсете отырып, балаларды жан-жақты сауықтыру, түзету, дамыту арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында тиісті жұмыстарын жүргізеді. 

Сарысу аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Назира Шалбаева «ЕвроХим-Тыңатқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығына, ұжымына риясыз алғысын білдірді.

– Біздің мекеме мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп, қоғамдық ортаға, ұжымға бейімдеу бойынша жемісті жұмыс істеп келеді. Осы орталыққа қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлаған басты демеушіміз «ЕвроХим-Тыңатқыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айтар алғысымыз шексіз.

Алдағы уақытта да мұндай игілікті істердің жалғасын табатынына сенім білдіремін. Балалардың нұр жүзінен қуанышты күлкінің табы кетпесін, – деді Назира Әсембайқызы.

Осылайша жомарт жандар ерекше балаларға ерекше қамқорлық көрсетіп, бүдіршіндерді қуанышқа кенелтті. 

Сәулет ЕСҚАРАЕВ,
журналист, 
Сарысу ауданы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар