Азаматтарды сыбайлас жемқорлық және бопсалау деректері бойынша ведомствоға хабарласу сұралды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға үндеу жасады. Азаматтарды сыбайлас жемқорлық және бопсалау деректері бойынша ведомствоға хабарласу сұралды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Құрметті азаматтар! Азаматтарға су тасқыны салдарынан келтірілген залалды өтеуге байланысты алаяқтықтың, теріс пайдаланудың және бопсалаудың барлық ықтимал деректері бойынша, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың басқа да деректері бойынша тәулік бойы агенттіктің тегін 1424 Call-орталығының нөміріне, @antikorkz_bot чат-бот кері байланыс арналарына, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшелерінің нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Келесі мақала
«Тектұрмас» кесенесінде тазалық жұмыстары жүргізілді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
2026 жылы бала тууы мен күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер артты
- авторAR-AY
- 14 наурыз, 2026




