Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Лудомания - құрдымға құлатар дауасыз дерт

Лудомания - құрдымға құлатар дауасыз дерт
Ratel.kz
Қоғамның дауасыз кеселіне айналған зиянды заттардың бәрі бүгінгі күні қолжетімді болып отыр.

Тіпті әрбір жерде букмекерлік кеңселер ашылып, олардың саны артпаса азаймағанын күнделікті көзіміз шалып жүр. Күнделікті дүкеннің ішінен, сауда орталықтарынан, тағы да басқа мекемелерде, ойын автоматтарының маңайында үймелеп тұрған адамдарды байқаймыз. Барлығы дерлік, жастар. Бұл – біріне бизнес болса, біріне құмарлығын қанағаттандыратын іс болып есептелетіні хақ. Жастарымыздың санасын улап, құрдымға құлатар мұндай қоғамның дертінен қалай құтылуға болады?!

Бұл індет халықты ғана емес, билікті де ойландырған ауқымды нәрсе болып отыр. Осы  мәселе төңірегінде биыл Ұлттық құрылтайда Ел Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Тағы бір қауіпті кесел – лудомания, яғни құмарпаздық. Кейбір мәліметтерге қарасақ, 400 мыңға жуық азамат – букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиенті. Бұл – тұтас бір қаланың халық санына пара-пар көрсеткіш. Шын мәнінде, лудомания – бейбіт күнде елдің шырқын бұзып жатқан қатер. Соның кесірінен талай шаңырақ шайқалды. Талай азамат заң бұзып, қылмысқа ұрынды. Құмар ойын үшін қарызға батып, өзіне қол жұмсаған жандар туралы хабарлар, өкінішке қарай, күн сайын тарап жатады. Бұл дерт жас ұрпаққа өте үлкен зиян келтіреді. Онлайн-ойындар балалардың күнделікті ермегіне айналып барады. Құзырлы органдар былтыр интернет-казиноның белгісі бар 4 мыңнан астам сайтты бұғаттады» деген еді. Яғни, халық пен билік болып күресетін ортақ ұлттың ұлы қасіреті болып отырған лудоманияның алдын алу шараларын тездетіп жасауға тапсырма берді.

Президентіміз нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресу үшін кешенді жоспар қабылданғанын атап өтіп, үкімет лудоманиямен күреске қатысты дәл сондай жоспар қабылдауы керектігін де баса айтты. Құмарпаздыққа заң жүзінде шектеу қойылып, заң жобасы әзірлену қажет және жастардың құмар ойынға салынып, арзан табысқа ұмтылуына жол бермеу керектігін де атап өтті. 

Жаһандық дертке айналған лудомания жолындағы адам оңай жолмен ақша тауып, қомақты қаражатқа кенелем деген ой мен іс-әрекеттен басталып, нәтижесінде қалай материалдық шығынға ұшырап, аяғы қайғылыоқиғамен аяқталғаны байқамаай қалады. Ойынқұмарлық дерті жасы пен дәрежесіне қарамастан, кез-келген адамды шырмап алады, соңы жақсылыққа апармайды.  Лудомания ойын құмарлығы болса,  құмар ойынның шырмауына түскен адамдарды «лудомандар» деп атаған. Қазір казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы дамып, қарқын алып келе жатыр. Бірі жабылса, екіншісі ашылып, толық тосқауыл қойылмай тұр. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғанымен қоймай, арнайы емдейтін орталықтар қызметіне жүгінеді. Әрине, барлығы бірдей бұл дерттен арылам деп бармайды, отбасының, туыстарының жетектеуімен қаралады. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынған ақпараттарына сенсек, елімізде ойын құмарлықтан жапа шеккендердің саны отыз алты мыңнан асып жығылады екен. 

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерін департамент жыл сайын облыстың барлық аумағында анықтап, жолын кесуде.
Жамбыл облысы бойынша статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың қаңтарындаТараз қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру факті анықталып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабыбойынша қылмыстық іс тіркелді.Өткен 5 жыл ішінде департамент қызметкерлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 42 фактісін анықтап, осы фактілер бойынша 38 қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Жамбыл облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің ең көп саны анықталды- олар 17 факт, Шу ауданында 9 фактімен және Қордай ауданында 6 фактімен көш бастап тұр. 

«Құмар ойын – адамның біліктілік емес, сәттілік арқылы жүзеге асатын, жеңіл жолмен байлыққа кенелудің бір түрі. Алайда, бұл оңайлықпен келетін нәрсе емес. Себебі, құмар ойындардың заңдылығы да осында. Әуелі ұйымдастырылған сәттілікпен жеңіске жеткен ойыншы, қанағатсыздық танытып, олжасын еселегісі келеді. Әйткенмен, стратегия бойынша, адам ақыр соңында қалай болмасын жеңіліске ұшырайды. Барынан айырылғанымен қоймай, келесі жолы айым оңынан туады деген соқыр үміттің арбауында қалып, тоқтаусыз келе беретіндер де аз емес», – дейді облыстық жастар ресурстық орталығының психологы Нұрай Үсенқызы.

Қазақ қоғамының тамырын кесетін, қасіретті әрекеттердің бірі болып отырған лудомания тек қазақ қоғамы ғана емес, адамзаттың індеті болып отыр. Кеселдің алдын алу арқылы қоғамның әл-ауқатын жақсартып, әрбір отбасы мүшесін құмар ойынға тәуелділіктің жағымсыз салдарынан сақтауға болады.

Ел болашағын ертеден ойлайтын халықпыз. Біз, жастар, құлдыратар құмар ойындарға жолағанша, өз еліміздің, болашақта күллі әлемді таңдандыратын, игілікті істерді еселендіруге үлес қосуымыз керек емес пе? «Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын» демекші еліміздің ертеңін ойлайтын саналы ұрпақ қатарынан болайық, лайым!

 

Жұлдызай Мұсаева 

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар