Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн доллар жібермек

Бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн доллар жібермек
https://www.instagram.com/chelovekvmaskee/?hl=ru
Қазір 113 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның шамамен 40 мыңы – бала

Маска таққан жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге бір миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Есімі белгісіз қайырымды жігіт бұл қайырымдылық ісі туралы өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.

Біз ең ауқымды көктемгі су тасқынымен күресіп жатырмыз. Төтенше жағдай шамамен еліміздің 10 облысында жарияланды. Бүгінгі 108 мыңдай адам эвакуацияланды. Су астында 5 мыңнан астам үй қалды. 8 мыңнан астам мал қырылды, - деді маска таққан жігіт.

Ол қазір су тасқынының екінші деңгейіне дайындық жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздермен күшімізді біріктіріп, су тасқынынан зардап шеккендерге 1 млн доллар (450 078 200 теңге) бөлеміз. Волонтерлер мен құтқарушыларға, шетелден көмекке келген азаматтарға шексіз алғысымды білдіремін. Барлығымыз бірге бұл табиғи апатты еңсереміз, - деді жұмбақ отандасымыз.

Айта кетейік, белгісіз жігітті әлеуметтік желіде көбі әнші Димаш Құдайбергенге ұқсатып жатыр.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар