Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Канело» Қазақстандағы су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты

«Канело» Қазақстандағы су тасқынына қатты алаңдап отырғанын айтты
instagram.com/Saul Alvarez/@canelo/ em-boe/
Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, – деді ол

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Қазақстандағы су тасқыны жағдайына қатты алаңдап отырғанын айтып, өз ойы мен ішкі сезімін әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

– Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау мен Орал, біз сіздермен біргеміз, – деді ол алаңдаушылығын жасырмай.

Айта кетсек, Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шығып, соның екеуінде төрешілердің шешімімен жеңген болатын. Трилогияның алғашқы екі жекпе-жегі 2017-2018 жылдары орта салмақта болды. Боксшылар соңғы жекпе-жекке 2022 жылы 18 қыркүйекте шықты.

Соңғы ақпаратқа қарағанда, азаматтық қорғау қызметтері 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы құтқарды. 11 950 адам үйлеріне оралды.

Уақытша орналастыру пункттеріне 6 814 адам орналасты. Оның ішінде 2 995 бала бар.

9,5 млн текге метрден астам еріген қар суы сорылды. 2,2 млн-нан астам қапшық пен 1,2 млн тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су бұрылды.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар