arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ұлт үшін жаралған ұлы тұлға

Ұлт үшін жаралған ұлы тұлға
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шерхантану және рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 85 жылдығы, мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жылдығына орай «Әлем таныған ұлы тұлға – Тұрар Рысқұлов» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы ашып, жүргізді. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті Махметғали Сарыбеков кіріспе сөз сөйлеп, конференция жұмысына сәттілік тіледі. 

Пленарлық отырыста Қазақстанға танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері баяндама жасап, тұшымды ойларымен бөлісті. 
Алдымен экономика ғылымдарының докторы, академик, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразалы Сәбден «Тұрар Рысқұлов – халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жамбыл» атындағы қазақ әдебиеті мен фольклорын зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлының, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Асқар Абдуалының, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Төлепбергеннің баяндамалары тыңдалды. 
Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры, ақын Хамит Есаманның «Т.Рысқұлов – қазақ жанашыры», Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиевтің «Тұрар Рысқұловтың Әулиеата уезіндегі қызметі» тақырыбындағы баяндамалары арқылы конференцияға қатысушылар мол мағлұматқа қанықты. 
Конференцияға тұрартанушы, әдебиеттанушы, тарихшы ғалымдармен қатар, орта мектеп мұғалімдері де белсенді қатысып, Тұрардай ұлы тұлғаның өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттаудың маңыздылығына тоқталды. 

Айжан ӨЗБЕКОВА
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар