arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 мың түп тал егілді

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында 28 мың түп тал егілді
Экологиялық акцияға облыс бойынша 21 640 мыңға жуық адам қатысты

Жамбыл облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі.
Экологиялық акцияға облыс бойынша 21 640 мыңға жуық адам қатысып, 543 кәсіпорын мен ұйымдар белсенді атсалысқан.
Іс-шаралар аясында 231 бірлік техника жұмылдырылып, 1093 көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлердің аймақтары қоқыстардан тазартылды, жалпы 554 тонна күл-қоқыстар шығарылды.
Сонымен қатар облыс аумағында бүгінгі күнге дейін жалпы 5 сенбілік өткен.  22,8 мың тал-ағаштар отырғызылды, 1288 шаршы метр гүлзарлар мен 320 шаршы метр көгалдар орналастырылды. Ал 1 наурыздан басталған санитарлық тазалау жұмыстары бойынша 486,6 шақырым арық жүйелері мен канал арналары тазаланып, 1,6 мың шақырым көшелердің бойы қоқыстардан тазартылған. 
Айта кету керек, кеше облыс әкімі Ербол Қарашөкеев акция аясында Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінің аумағында тал егуге қатысқан болатын.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар