arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сотталғандар арасында мәдени спорттық шаралар өткізілді

Сотталғандар арасында мәдени спорттық шаралар өткізілді
Жамбыл облысының ҚАЖД РММ №58 мекемесінде Халықаралық дене шынықтыру күні қарсаңында ағымдағы жылдың сәуір айында спорттық іс-шаралар өткізілді.

    № 58 мекемесінде жазасын өтеушілер арасында - «Қол күрестен, гір көтеруден, дойбы ойындарынан» спорттық іс-шаралары САТжӘПЖЖ бөлімінің жасақ бастықтары ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыстың мақсаты- сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және патриоттық сезімдерін ояту, ұйымшылдық пен ынтымақтыстықты қалыптастыру, зияткерлік спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттыру.     Ойын қорытындысында қызықты да тартысты өткен спорттық жарыста жеңімпаздар анықталып, түрлі дәрежелі жүлделі орындарға ие болды, сотталғандар марапаттауға ұсынылды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар