Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Абыройы асқақ «әулие-ата» кәсіпқой клубы

Абыройы асқақ «әулие-ата» кәсіпқой клубы
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінде ұлттық спорт түрлерінен «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының директоры Нұрдәулет Момынов баспасөз конференция­сын өткізді.

 Клуб алғаш ашылғанда тек ұлттық ат спорты түрлерінен спортшылар дайындаса, қазіргі таңда мекемеде ұлттық спорттың 8 түрінен 304 спортшы жаттығады екен. Ұлттық спортты серік еткен спортшыларды 14 білікті жаттықтырушы жаттықтырады. Мәселен, көкпардан 3 жаттықтырушы 54 спортшыны, осыншама адамды аударыспақтан 1 жаттықтырушы, дәстүрлі садақ атудан 12 спортшыны, жамбы атудан – 12, теңге ілуден – 20, бес тастан 21 спортшыны бір-бір жаттықтырушы дайындайды.

Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай ересектер, жастар және жасөспірімдер тобына бөлініп жаттығады екен. – Қазіргі таңда мекемеде жаттығатын спортшылардың қатарында 3 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 28 Қазақстан Республикасының спорт шебері және 19 Спорт шеберіне үміткер бар. Өткен жылы ресми жарыстарда 8 алтын, 6 күміс, 13 қолаға қол жеткіздік. «Әулие-Ата» кәсіпқой клубының спортшылары әртүрлі деңгейдегі республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, көптеген жоғары спорттық жетістікке қол жеткізуде.

Өткен жылы Алматы қаласында өткен тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айдана Молдабек алтыннан алқа тағынды. Республикалық жарыстарда да спортшыларымыздың жетістіктері көп. 2024 жылы тоғызқұмалақтан өткен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында 2 қола медаль иеленсек, асық атудан Ақтау қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында облыс құрама командасы күміс жүлдегер атанды.

Сәуір айының 5-6 күндері Шымкент қаласында өтетін теңге ілуден Азия кубогына клубтан 3 спортшы қатысады. Сонымен қатар Шымкент қаласында 14-18 сәуір аралығында жамбы атудан өтетін Азия чемпионатында ұлттық құрама команданың сапындағы 1 спортшымыз ел намысын қорғайды, – деді Н.Нәбиұлы. Биыл қыркүйек айында Астана қаласында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетіні белгілі. Спорттық клуб байрақты бәсекеге тыңғылықты дайындалуда. Клуб спортшылары көкпар, жамбы ату, аударыспақ, бәйге, құсбегілік спорт түрлері бойынша ұлттық құрамаға енгенін айта кету керек.

Айсұлу Сәдуақас,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Мен көрген үндістан
Алдыңғы мақала
Мен көрген үндістан

Ұқсас жаңалықтар