Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Денсаулық саласына серпін берген форум

Денсаулық саласына серпін берген форум
Ашық дереккөз
Жуырда Ресей Федерациясында «АТОМЭКСПО-2024» ХІІІ халықаралық форумы өтті. Форум аясында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы мен «Росатом Денсаулық технологиясы» АҚ арасында ядролық медицина саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 Құжатқа облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова және «Росатом Денсаулық технологиясы» акционерлік қоғамының бас директоры Игорь Обрубов қол қойды. Тараптар денсаулық сақтау мен ядролық медицинаны дамытуда энергетикалық атом технологияларын қолдану саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға келісті.Бейбіт атом технологияларын пайдалана отырып, онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мәселелерінде өзара іс-қимылға ерекше назар аудару жоспарлануда.

Сондай-ақ тараптар денсаулық сақтауда радиациялық технологияларды қолдану туралы ақпарат пен тәжірибе алмасуға, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласында ынтымақтасуға, онкологиялық аурулардың диагностикасы мен терапиясы саласында ядролық медицина инфрақұрылымын бірлесіп дамытуға ниетті.

Жалпы дәстүрлі түрде өтетін іс-шара – мемлекеттік және бизнес-құрылымдарды, ірі халықаралық компанияларды, қоғамдық ұйымдардың басшыларын, бейінді сарапшылар мен журналистерді біріктіретін және атом технологиялары базасында технологиялық және инновациялық дамудың өзекті мәселелері талқыланатын алаң. Форумға 76 елден түрлі салалар бойынша делегаттар қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемде атом энергетикасы төмен көміртекті генерацияның тұрақты, сенімді және ұзақмерзімді көзі ретінде ерекше маңызға ие. Форумның негізгі тақырыбы – «Таза энергетика: Болашақты бірге құруда».

Маңызды басқосу аясында пленарлық отырыс, сондай-ақ әлемнің түрлі елдерінен мүдделі қатысушыларды тартып, тақырыптық сессиялар мен панельдік пікірталастар өткізілді. Сондай-ақ қонақтарға атом технологиялары және басқа да ілеспе салалардағы озық жетістіктерді көрсететін көрме экспозициясы ұсынылды.

Ал «Денсаулық сақтау үшін инновациялық шешімдер – қажеттіліктер мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа спикер ретінде қатысқан Жанар Мықтыбекқызы денсаулық сақтау саласына арналған инновациялық шешімдер, сондай-ақ өңірде ядролық медицинаны енгізу мәселесі жайлы баяндады. Сондай-ақ басқарма басшысы ҚР Президентінің тапсырмасы шеңберінде онкологиялық аурулармен күреске ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. – Онкологиялық көмекті жетілдіру – өзекті міндет.

Жыл сайын 40 мыңға жуық қазақстандықта қатерлі ісік диагнозы расталады, 13 мың пациент қайтыс болады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалту үшін жағдай жасаумен қатар, медициналық көмекті жаңғырту қажеттігін де атап өтті.

Осылайша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. «Росатом Денсаулық технологиясы» акционерлік қоғамының ядролық медицина саласындағы жобаларды іске асыруда айтарлықтай тәжірибесі мен құзыреттілігі бар екенін ескере келе, біздің бірлескен жұмысымыз әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге үлкен мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Бұл өзара ынтымақтастықтың ең маңызды мақсаты – дәрігерлер мен пациенттердің денсаулықты сақтау және нығайту үшін ең заманауи технологияларға қолжетімділігін арттыру. Радионуклидтік терапия орталығы – облыстың денсаулық сақтау саласын дамытуға елеулі үлес қосады, – деп түйіндеді сөзін Ж. Оспанова. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар атом энергетикасын, оның ішінде медицинада қолданудың жалпы тәсілдерін талқылады.

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар