Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбылда 3 құрылыс компаниясына айыппұл салынды

Жамбылда 3 құрылыс компаниясына айыппұл салынды
ашық дереккөз
Жамбылда 3 құрылыс компаниясына айыппұл салынды
Жамбыл облысында қаржыландыру есебінен 21 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысының міндетін атқарушы Алмас Түлеубаев айтты. Үлескерлердің ақшасын тарту мақсатында «Hamilton park» ЖШС-і мен «BAITEREK GROUP» ЖШС-і тарапынан басқармаға өтініш түсіп, 2 рұқсат қағазы берілген. Екі құрылыс нысанында да тұрғын үй кешеніне қатысты мәселе туындамаған. – Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар өз қаражаты есебінен құрылыс нысанын салу барысында, «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алмай, әлеуметтік сайттарда көппәтерлі тұрғын үйлерді сату бойынша жарнамалау жұмыстарын жүргізген жағдайда сот органының шешімімен айыппұл салуға алып келеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 320 бабына сәйкес, «Tulip Residence» тұрғын үй кешені бойынша «AYNA Group» ЖШС-не, «Болашақ» тұрғын үй кешені бойынша «Saulet Alem» ЖШС-не және «Hamilton park» ЖШС-не айыппұл салынды, – дей келе А.Түлеубаев қалған көпқабатты тұрғын үйлер бойынша құқықбұзушылық анықталмағанын айтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар