Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы “Береке” базары өртенді

Тараздағы “Береке” базары өртенді
ашық дереккөз
Тараздағы “Береке” базары өртенді
Тараздағы «Береке» базарында өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. «Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде сағат 07.52-де Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының "101" телефонына Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесіндегі "Береке" базарының асханасы мен сауда дүңгіршектерінде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жоғары шақырту бойынша Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 56 қызметкер және 13 техника шықты. Өрт сөндірушілердің жалпы күшімен өрт 08 сағат 30 минутта оқшауланды, өртті жою жұмыстары жалғасуда. Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда»-, делінген ведомство баспасөз қызметінің мәліметінде.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар