БОЗ ДАЛАНЫҢ БОЗТОРҒАЙЫ
Халық ақыны, әнші, композитор Кенен Әзірбаевтың туғанына 140 жыл толуына орай Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінде «Халық аспаптары» кафедрасының апталығы өтті. Апталық аясында қазақтың біртуар азаматы Кенен Әзірбаевқа арналған облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияда ақынның әндері шырқалып, шығармашылығы туралы мазмұнды баяндамалар оқылды. Мәселен, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі Балқыбек Құлмамбетов «Ән мен күйдің Кенені» тақырыбындағы баяндамасында Кенен атамыздың бала күнінен «Боздаланың бозторғайы» атанғанын, «Бұлбұл», «Көкшолақ» әндерінің ел арасында әлі күнге дейін шырқалып жүргенін тілге тиек етті. Одан соң сөз алған К.Әзірбаев атындағы балалар саз мектебінің директоры Панабек Ахметов «Жан серігім, домбыра» тақырыбында баяндама жасап, шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Ал «Дәстүрлі ән» кафедрасының оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі, доцент Айгүл Мақашева фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен ақынның «Туған жер» әнін орындады. Сондай-ақ «Халық аспаптары», «Дәстүрлі ән» кафедрасының студенттері мен облыстық оқушылар сарайының «Желдірме» дәстүрлі әншілер ансамблі өнерлерін көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.
Конференцияны колледж оқытушылары мен студенттерінен құралған фольклорлық ансамбль «Құлақ» күйімен қорытындылады.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Келесі мақала
ПИЯЗ ЭКСПОРТТАУДА ПАЙДА БАР
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024