Қоғам
Қазақстандықтарға байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін
- author AR-AY
- 29 қыркүйек, 2022
- 166
Қазақстандықтарға байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін
Байлық салығы ауқатты қазақстандықтарға Forbes тізімі бойынша салынуы ықтимал. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Halyq uni-не сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, биыл 1 қыркүйекте президент байлық салығын салу туралы тапсырма берген болатын.
Бүгінде шетелдегі тәжірибені зерттеп жатырмыз. Мұны жаңа Салық кодексінің концепциясына қосамыз. Бүгінде ұсыныс (байлақ салығына қатысты, – автор) өте көп. Кейбір адамдар салықты объектілердің санына, кейбірі оның құнына және қалғандары козғалтқыш көлемі үлкен көліктерге салу керек деп ұсыныс айтуда. Байлық салығы барлығына салынбайды. Жаңа салық нағыз бай адамдарға салынады, - деді Ержан Біржанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.Нақты айтқанда, жаңа салық тек қымбат мүліктерге салынады. «Мысалы, қымбат көліктер: Ferrari, Maserati және тағы басқа. Сондай-ақ зәулім үйлер. Ол бірнешеу болса, олардың құны бірнеше млн доллар болса, сол нысандарға салық салынады. Сонымен қатар яхталар, жеке ұшақтар. Байлық салығы осындай санаттағы жеке тұлғаларға салынады деп ойлаймын. Қазір жұмыс тобы құрылды. Онда әртүрлі пікірді ескеріп, ортақ шешімді қабылдаймыз. Әртүрлі ұсыныс түсіп жатыр», - деді министрдің орынбасары. Оның айтуынша, жұмыс тобының құрамында ұлттық экономика, қаржы, ауыл шаруашылығы, энергетика және тағы басқа министрліктердің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және қауымдастық өкілдері бар. Ержан Біржанов байлық салығы Forbes тізімі бойынша салынуы мүмкін екенін жеткізді.
Қазақстанда өзінің Forbes тізімі бар. Онда ірі кәсіпорындардың немесе кен орындарының иелері мен кәсіпкерлер бар. Олар корпоративтік табыс салығы және тағы басқа салық түрлерін төлеуге өз үлесін қосып отыр. Жеке тұлға ретінде олар жоғарыда аталған объектілердің иесі болса, оларға сол қатарға (байлық салығын төлейді – автор) қосылады. Қазір Forbes тізіміндегі 100 адам ба, әлде 50 адам ба, ол әлі нақтыланған жоқ. (Байлық салығын төлейтіндерді – автор) осы тізімнен аламыз ба, әлде объектілерді аламыз ба, оны қарастырымамыз. Алайда Forbes тізімін ескереміз, - деді вице-министр.Айта кетейік, байлық салығы 2024 жылдан бастап ауқатты қазақстандықтарға салынады.
Келесі мақала