Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТЕДІ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТЕДІ
ашық дереккөз
БАҚ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТЕДІ
ҚР Әділет министрлігі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтауға қолайлы жағдай жасау, контрафактілік өнімдерді таратуға қарсы күресті насихаттау және танымал ету, сондай-ақ контрафактілік өнімдерді тарату проблемасы туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру мақсатында «Антиконтрафакт» республикалық акциясын өткізуді жоспарлауда. Аталған акция шеңберінде, 2024 жылдың 1-15 сәуірі аралағында «Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық» тақырыбындағы ақпараттық ресурстар арасында үздік ақпараттық материал байқауы ұйымдастырылады. Өтінімдерді қабылдау Әділет министрлігімен жүзеге асырылады. Жұмысқа қойылатын талаптар: - Қатысушы @adiletgovkz парақшасының жазылушысы (подписчик) болуы керек. - Instagram желісінде #АкцияАнтиконтрафакт2024@adiletgovkz жазба қалдыру керек. - Қатысушылар конкурстық жұмыстарын b.satzhanova@adilet.gov.kz электрондық поштасына жібереді. - Байқауға қатысуға өтінім мен материал 15 сәуірден кешіктірілмей ұсынылуы қажет; - Жұмыс көлемі 3 беттен аспауы керек. - Әрбір қатысушы конкурсқа 1-ден артық емес жұмыс ұсына алады. Байқау жеңімпаздары а.ж. 26 сәуірінде ҚР Әділет министрлігімен жарияланатын болады. Конкурс бойынша толығырақ ақпаратпен (конкурс ережелері) https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/documents/details/636384?lang=kk сілтемесін басу арқылы таныса аласыз (Жамбыл облысы Әділет департаментінің сайты). Барлық сұрақтар бойынша 8/7262/43-12-20, 8/701/ 737 91 71, 8/702/ 788 22 88 нөмеріне жүгінуге болады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар