Жаңалықтар
Су тасқыны: тұрақтандыру қорындағы азық-түлікке залал келді ме?
- author AR-AY
- 2 сәуір, 2024
- 230
Су тасқыны: тұрақтандыру қорындағы азық-түлікке залал келді ме?
Табиғи апат тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келтірмеді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жедел кеңесте айтты.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, су тасқынынан зардап шеккен 6 облыстағы тұрақтандыру қорларында 63 мың тоннадан асатын азық бар. Барлық өнім құрғақ жерде сақталған.
Айта кету керек, төтенше жағдай болған аймақтарға басқа өңірлерден азық-түлік қоры қажет болған жағдайда 110 мың тонна жедел жөнелтілуі мүмкін екені айтылды.