6 облыста жолдарды су басты
6 облыста жеті жол учаскесінде су тасқыны болды, деп хабарлады QazAvtoJol ұлттық компаниясы.
1 сәуірде сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 6 облыста халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың 7 учаскесінде (жалпы ұзындығы – 1 380 метр) су тасқыны болды. 5 облыста республикалық маңызы бар 6 автокөлік жолында (ұзындығы – 410 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.Республикалық жолдарда су тасқыны салдарын жоюға 378 техника мен 686 адам жұмылдырылды.
Сурет: ТЖМ