Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Асланбек Олимпиадаға барады

Асланбек Олимпиадаға барады
Ашық дереккөз
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан әлемдік іріктеу кезеңі мәресіне жетті. 49 Олимпиада жүлдесі сарапқа салынған турнирде 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) ел намысын қорғады.

  Әйел боксшылардан ширек финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиадаға лицензия ала алмады. Валентина Хальзова ширек финалда Ұлыбритания атынан сынға түсіп жатқан Камерун тумасы Синди Нгамбадан ұтылып қалды. Физикалық мықтылығын ұтымды пайдаланған Синди Нгамба отандасымызды 3 мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова (50 келі) германиялық былғары қолғап шебері Карина Клетцерге 2:3 есебімен жол берді. Айбек Оралбай америкалық Жамар Таллейді барлық раундта ұтып, Олимпиадада шаршы алаңға шығуға мүмкіндік алды. Нұрбек Оралбай ширек финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Колин Кассидиді 4:1 есебімен ұтты. Осылайша Қазақстанның бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар Олимпиада жүлдесіне таласады. Сәкен Бибосынов 4:0 есебімен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері британдық Киаран Макдональдты жеңді. Махмұд Сабырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді. 22 жастағы жерлесіміз көптен күткен Олимпиаданың шаршы рингінде бақ сынауға мүмкіндік алды. 57 келіде қазақ тарихында бір ғана боксшы Олимпиада жүлдесін алған (Бекзат Саттарханов, Сидней-2000). Ал әлем чемпионы, жерлесіміз Асланбек Шымбергенов әзербайжандық Вархан Алиевтен 5:0 есебімен басым түсті. 2022 жылы Азияны мойындатып, 2023 жылы әлем чемпионы атанған Асланбек Шымбергеновке енді Олимпиаданың алтыны ғана жетпей тұр. Жерлесіміз Париж төрінде де атой салып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінеді деп сенеміз.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ерлер арасында Қамшыбек Қоңқабаев, ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын. Боксшыларды айтулы жеңісімен құттықтаған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бір белес артта қалғанын, енді Олимпиадаға дайындықты күшейту керектігін тапсырды. – Бокстан Италиядағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Париждегі дүбірлі додаға жолдама финалға шыққан Валентина Хальзова және Алуа Балқыбекова қарсыластарына есе жіберді. Яғни Қазақстанның әйелдер құрамасы Олимпиадаға лицензия ала алмады. Валентина Хальзова ширек финалда Ұлыбритания атынан сынға түсіп жатқан Камерун тумасы Синди Нгамбадан ұтылып қалды. Физикалық мықтылығын ұтымды пайдаланған Синди Нгамба отандасымызды 3 мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері Алуа Балқыбекова (50 келі) германиялық былғары қолғап шебері Карина Клетцерге 2:3 есебімен жол берді. Айбек Оралбай америкалық Жамар Таллейді барлық раундта ұтып, Олимпиадада шаршы алаңға шығуға мүмкіндік алды. Нұрбек Оралбай ширек финалда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Колин Кассидиді 4:1 есебімен ұтты.

Осылайша Қазақстанның бокс тарихында алғаш рет егіз боксшылар Олимпиада жүлдесіне таласады. Сәкен Бибосынов 4:0 есебімен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері британдық Киаран Макдональдты жеңді. Махмұд Сабырхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Асрор Вахидовты 4:1 есебімен жеңді. 22 жастағы жерлесіміз көптен күткен Олимпиаданың шаршы рингінде бақ сынауға мүмкіндік алды. 57 келіде қазақ тарихында бір ғана боксшы Олимпиада жүлдесін алған (Бекзат Саттарханов, Сидней-2000). Ал әлем чемпионы, жерлесіміз Асланбек Шымбергенов әзербайжандық Вархан Алиевтен 5:0 есебімен басым түсті. 2022 жылы Азияны мойындатып, 2023 жылы әлем чемпионы атанған Асланбек Шымбергеновке енді Олимпиаданың алтыны ғана жетпей тұр. Жерлесіміз Париж төрінде де атой салып, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінеді деп сенеміз.

Естеріңізге салайық, бұған дейін ерлер арасында Қамшыбек Қоңқабаев, ал әйелдер арасында Карина Ибрагимова Олимпиада жолдамасын жеңіп алған болатын. Боксшыларды айтулы жеңісімен құттықтаған Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев бір белес артта қалғанын, енді Олимпиадаға дайындықты күшейту керектігін тапсырды. – Бокстан Италиядағы Олимпиадаға іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, Париждегі дүбірлі додаға жолдама жеңіп алған былғары қолғап шеберлерін құттықтаймын. Ел жанкүйерлері қашанда боксшылардан үздік нәтиже күтеді. Сіздер бұл жолы жанкүйерлердің сенімін ақтап, ұлттық құрама қоржынын маңызды лицензиялармен толықтырдыңыздар. Енді Олимпиадаға дайындықты күшейтіп, Париж төрінде топ жаруларыңызға тілектеспін, – деді Ермек Боранбайұлы.

Талғат Нұрханов 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар