arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ 15-ОРЫНҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ 15-ОРЫНҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ
ашық дереккөз
НҰРҚАНАТ СЕРІКБАЕВ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ 15-ОРЫНҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ
Тбилисиде өткен дзюдодан «Grand Slam» турнирінде топ жарған жамбылдық спортшы Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте бірден 6 орынға жоғарылап, он бесінші сатыға жайғасты. 20 жастағы жас балуан әлемдік жарыста алғаш рет топ жарып, 60 келі салмақ дәрежесінде ел үздіктерінің көшін бастап тұр. Бүгінде Нұрқанаттың еншісінде 3 339 ұпай бар. – Тбилисиде топ жарып, ірі турнирдегі алғашқы алтыныма қол жеткіздім. Осы уақытқа дейін үздіктердің қатарынан көрініп жүргеніммен халықаралық аренада еліміздің Әнұранын шырқатсам деген арманым орындалмай жүрген. Тбилисиде бабым да, бағым да қатар шапты. Әрі халқымыздың жаңа жылы – Наурыз мерекесінде топ жарғаныма ерекше қуандым. Жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрініп, туымыз желбіреген сәттегі сезімді сөзбен айтып жеткізу қиын, – деді Н.Серікбаев. Айтуынша, ақтық сында ұтқан израильдік балуанмен бұрын белдеспеген. Сондықтан алдын ала қарсыласын жан-жақты зерттеп, бапкерімен бірге тыңғылықты дайындалған. – Финалдағы қарсыласыммен бұрын-соңды ресми жарыста кездескен емеспін. Бірақ Венгрияда өткен оқу-жаттығу жиынында бір-бірімізді бақылап көрдік. Сол кезде де ұтқан едім. Әрине, бұл үлкен жеңістердің бастамасы. Алда талай жарыстар күтіп тұр, – деді спортшы. Айта кетейік, Грузия астанасында өткен әлемдік турнирдің финалында Нұрқанат Серікбаев израильдік Ям Вольчакты жеңіп, чемпион атанған болатын. Осыдан кейін жерлесіміз 1 000 ұпай еншілеп, өзінің көрсеткішін жақсартты. Ал бұған дейін он жетінші орында тұрған Мағжан Шамшадин 4 саты төмендеп, жиырма бірінші орынға тұрақтады. Елдос Сметов 1 952 ұпаймен жиырма алтыншы орнын сақтап қалды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар