БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
Тараз қалалық мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Тараз қалалық Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өткен іс-шараның мақсаты – жұмыссыз жастарды, пробация қызметінің есебінде тұрған, алимент бойынша берешегі бар борышкерлерді жұмыспен қамту. Жәрмеңкеде 28 жұмыс беруші 152 бос жұмыс орнын ұсынды.
– Жұмыс ұсынушы мекемелердің қатарында «Келешек Тараз» мектеп-лицейі, «Eurasian Bank», Ұлттық Ұлан №5514 әскери бөлімі, «Дарын студиясы» оқу орталығы, «Тараз Транс Моторс», «Әулиеата Транс Пасс», «Каз Упак трайд» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Отбасы банк» те бар. Жәрмеңкеде дәрігер, медбике, педагог мамандарға, қаржы саласы қызметкерлеріне, аула тазалаушылар мен дәнекерлеуші секілді еңбек адамдарына сұраныс болды, – дейді Тараз қалалық мансап орталығының азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Ерлан Байұзақов.
Сондай-ақ орталық мамандары жәрмеңкеге келушілерге халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар бойынша мәлімет берді.
Жәрмеңкеге қатысушылар да өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.
Аружан МЕРКІБАЙ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік
университетінің 4-курс студенті
Келесі мақала
Насыбайдың зияны жайлы не білеміз?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024