Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
ашық дереккөз
«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫНАН НЕ КҮТЕМІЗ?
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте спикер білім саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Жалпы облыс орталығында 223 білім мекемесі жұмыс істесе, 115-і мемлекеттік, 108-і жекеменшік. Өткен жылы білім саласына 71 миллиард 84 миллион теңге бөлініпті. Ал бүгінгі күні қаладағы 86 жалпы білім беретін мектепте 85 мыңнан аса оқушы білім алуда. Раушан Пернешқызы 2024 жылдың соңына дейін 7 білім нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарланып отырғанын жеткізді. Айта кетейік, 2023 жылы 2 мектеп пайдалануға беріліп, оқушы орны тапшылығы бар бір мектептің мәселесі шешілген. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында «Бәйтерек», «Ұлы дала» ықшамаудандары мен «Шөлдала» алқабында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жоба аясында берілетін мектептердің есебінен №3 мектеп-лицейдегі үш ауысым, №55 орта мектептегі орын тапшылығы жойылады деп жоспарлап отырмыз, – деген Раушан Пернешқызы қауіпсіздік шаралары қашанда бақылауда болатын мәселе екенін атап өтті. Білім мекемелері 100 пайыз ішкі және сыртқы бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етіліп, полиция департаментінің басқару орталығына қосылған. Өткен жылы қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында 88 мекемеге турникет орнатылыпты. Биыл 6 мектептің екінші ғимараттарына және №52 мектепке турникет орнату қарастырылып отыр. Брифингте бұдан бөлек көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларын ыстық тамақпен қамту, оқушылар тасымалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сапалы біліммен қамтамасыз ету, білім саласында жетістіктер туралы айтылды.

Сая ЕСБЕРГЕН, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар