Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді табысы жоқ студенттерге кредит берілмейді

Енді табысы жоқ студенттерге кредит берілмейді
ашық дереккөз
Енді табысы жоқ студенттерге кредит берілмейді
Елдегі 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне қарағанда бұл тізім ұзарып келеді.
Оқуын бітірмей жатып, қарызға батқан жастардың санын азайту үшін оларға кредит беру тәртібі өзгереді.
Банкке қомақты қарызы бар жастардың бірі Батухан Ысқақов. Студент танысына көмектесемін деп, өз атына несие алған. Кейін алданғанын түсінген. Бұрын-соңды банктен қарыз алып көрмеген жігіт несие рәсімдеудің түк қиындығы болмағанын айтады. Бір миллионға жуық несиені бар-жоғы бес минутта рәсімдеген.
"Кредитті өзім жауып тастаймын деген соң сеніп, 810 мың теңге онлайн несие алып бердім. Бірақ ай сайынғы төлем уақыты келгенде жаңағы бала уәдесінде тұрмады. Салдарынан менің несие тарихым бұзылды. Кейін оның тағы 5-6 студентке дәл осылай қарыз алдырып, ақшасын қайтармай жүргенін білдім. Өзім ақылы бөлімде оқимын. Сабақтан кейін жұмыс істеймін. Енді оқуымның ақысымен қатар кредитті де төлеуге тура келеді", - дейді Батухан Ысқақов.
Статистикаға сүйенсек, елдегі 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар. Оның ішінде 47 мыңы проблемалық несие. Кей банктер жұмысы жоқ болса да, 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген. Енді табысы жоқ студенттерге несие берілмейді.
"Жастарға кредит берудің динамикасын қарасақ, проблемалық кердиттердің үлесі артып келеді. Қазіргі уақытта 11% дейін жетті. Сол себептен енді жастар үшін кредиттерді ресми түрде тіркелген табыстары болса, кірістері болса, тек қана сол кезде қаржы ұйымдары береді. Бұл 18-21 жас арасындағы азаматтарға арналған", - дейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова.
Ал сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынады.
"Несие алып, қарызға батқан жастар көбейіп барады. Маған микроқаржы ұйымдары мен банктерге жарты миллион теңге берешегі бар студенттер келіп кеңеседі. Ата-наларына айтуға қорқады. Ал өз еркімен мәселені шеше алмайды. Сондықтан мен 21 жасқа дейін несие бермеу керек деп есептеймін. Қазақстанның банк жүйесінде мұндай тәжірибе бұрын болған. Сондай-ақ тексеру кезінде табысы қарызын жабуға жетпейтін азаматтарға банк қалай кредит ресімдейтіні түсініксіз. Жұмыс істесе де, істемесе де 21 жасқа дейін кредит рәсімдеуді заң жүзінде шектеу қажет", - дейді банк мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшы Нұржан Бияқаев.
Жастарға несие беруді шектеу туралы депуттар да айтқан. Бірақ қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы "кредит алу әр адамның конституциялық құқығы" деп түсіндірді. Сондықтан студенттер үшін тек табыс жағынан шектеу болады. Оның өзінде шәкіртақылары ресми кіріс болып қала береді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар