Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

250 теңге – Көктемгі егіс науқанындағы дизель бағасы бекітілді

250 теңге – Көктемгі егіс науқанындағы дизель бағасы бекітілді
ашық дереккөз
250 теңге – Көктемгі егіс науқанындағы дизель бағасы бекітілді
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынының бағасы 20 өңірде де былтырғы деңгейде сақталатынын айтты.
«Биыл 22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 1 ақпан - 30 маусым аралығындағы «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 340,3 (үш жүз қырықта үш) мың тонна дизель отынын жеткізу графигін» бекітті. 2023 жылдан баға өзгерген жоқ. Барлық 20 өңірдегі межелі станцияда қосымша құн салығын қосқанда литріне 250 теңге және жанармай құю стансаларындағы бөлшек сауда бағасынан литріне 45 теңгеге арзан немесе 15 (он бес) пайызға төмен», - деді министр Үкімет отырысында.
Ведомство басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған дизель қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылданғанын атап өтті. Олар:
  • ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер дизель отыны үшін жеке ПИН-кодтар алды; дизель отынын сары, көк және қызыл түске боялды; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер операторларының ақпараттық жүйесінде дизель отынының жеке виртуалды қоймасы құрылды.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар