Жаңалықтар
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті
- author AR-AY
- 26 наурыз, 2024
- 188
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінен Ж.М. ҚР ҚК-ң 73 бабына сәйкес жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне атап айтқанда айыппұл түріне ауыстыруына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында шығарып салу шарасы өтті.
Бас бостандығынан айру орындарынан босатуға дайындық кезеңінде бағдарламаға сәйкес психологиялық, медициналық, әлеуметтік-құқықтық көмек, еңбекке және тұрмыстық орналастыру, отбасымен оң байланыстарды нығайту мәселелерінде тәрбиелік іс-шаралар жүргізілді. Сотталғанмен босатылатын күні де қолдау және консультациялық көмек көрсету шеңберінде, оны одан әрі әлеуметтік бейімдеу бағытын әзірлей отырып, мекемеге Тараз қалалық №3 пробация қызметінен, Жамбыл облысы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильдігі орталығының Тараз қаласы бойынша Мансап орталығынан, Жамбыл облыстық полиция департаментінен қызметкерлер шақыртылды. «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы кезінде: оңалтуға жәрдем көрсететін мемлекеттік мекемелердің байланыс деректерін, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелу, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау орындарында есепке қоя және т.б. тәртібін қамтитын жадынама табыс етілді.
Бостандыққа шыққан сотталғанды қақпа-алдында ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген жақын туысқандары асыға күтіп қарсы алды.