Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰРПАҚТАР ОҚ ЖОНАДЫ АТА КӨРГЕН, АТАЛАР АМАН БОЛСЫН БАТА БЕРГЕН

ҰРПАҚТАР ОҚ ЖОНАДЫ АТА КӨРГЕН, АТАЛАР АМАН БОЛСЫН БАТА БЕРГЕН
ашық дереккөз
ҰРПАҚТАР ОҚ ЖОНАДЫ АТА КӨРГЕН, АТАЛАР АМАН БОЛСЫН БАТА БЕРГЕН
Ұрпақтар оқ жонады ата көрген, Аталар аман болсын бата берген. Үлкеннің ақ алғысын алған ұлдың, Бұрынырақ шығады атағы елден. Бір ағаттық болмайтын істерінде, Солар да ғой қайрат та, күш, сенім де. Қайда жүрсе қазақтың қарттарының, Бір қазына жатады іштерінде. Иманды ер еш жамандық ойламайды, Үлкенді келеке етіп ойнамайды. Атаның тәрбиесін алған ұлдың, Қырсықтық жолын рас байламайды. Атаның тәрбиесін алған қыздың, Тұнығын жат ниетті лайламайды. Бастауы қариялар өнегенің, Қартың болса сол сенің көрегенің. Ұрпақтарың – отыңның берекесі, Келінің – алтын басы керегенің. Ақсақал ақылшысы ерен ердің, Қызығын көрсін лайым немеренің. Көргені көп қариялар ұзақ жасап, Қолынан шай ішсін шөберенің.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар