МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Отбасы – адам өміріндегі өте маңызды құндылық. Себебі адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік сыйлайтын да осы ұғым.
17 наурыз – шаңырақ күні аясында аудан әкімінің орынбасары Анар Садыққызы мен "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің мамандары аудандық перзентханаға барып, жаңа босанған аналарға құрмет көрсетті.
«Бүгінгі сәби ертеңгі ел үмітін жалғар ұрпақ» екенін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз базарлық» кәдесыйлар табыстап, гүл шоқтарын ұсынды.
Келесі мақала