Жаңалықтар
Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр - Қасым-Жомарт Тоқаев
- author AR-AY
- 15 наурыз, 2024
- 219
Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр - Қасым-Жомарт Тоқаев
Интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
«Тек ақпараттық технологияның пайдалы жағын алып, зиянды жағынан сақ болған жөн. Ашығын айтсақ, интернетті талғамсыз пайдалану бала тәрбиесіне теріс ықпал етіп жатыр. Бұл – өкінішке қарай, ақиқат. Балалар түгілі, ата-аналар да әлеуметтік желідегі мағынасыз контентке тым әуес.
Ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды.
Кітап оқырманға қолжетімді болуы керек. Мен былтыр Түркістанда өткен құрылтайда елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін заманауи кітапхана салу туралы айттым»